21.04.2020, 19:04 12126

Алматы облысында 2020 жылғы 13 сәуірде шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды

Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдіктерді қазу құралдары мен 2,5 кг-нан астам "сұрғылт түсті сепкілгүл" тамырлары табылды.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысында 2020 жылғы 13 сәуірде шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды.

Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдіктерді қазу құралдары мен 2,5 кг-нан астам "сұрғылт түсті сепкілгүл" тамырлары табылды.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар алынған тамырларға сараптама жасауда. Өсімдіктің түрі расталған жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және жоғалып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөлшектері мен өнімдерін заңсыз алу" бойынша жауапкершілікке тартылады.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны