20.04.2022, 16:54 32736

"Алматы жылу жүйесі" тұтынушыларға 49,4 млн теңгеден астам қаражатты қайтарады

"Алматы жылу жүйесі" тұтынушыларға 49,4 млн теңгеден астам қаражатты қайтарады
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 20 СӘУІР - "Алматы жылу жүйесі" тұтынушыларға 49,4 млн теңгеден астам қаражатты қайтарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2020-2021 жылдардағы өткен жылу маусымының қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтаудың құнын қайта есептеу сомасын 49,4 млн теңге мөлшерінде есептеді", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, Алматыда жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-і ТМРКД-нің қайта есептеуді жүргізу қажеттілігі туралы шешімімен келіспеді, керісінше тұтынушыларға шамамен 5 млн теңге көлемінде қосымша есептеу қажет екенін хабарлады.
 

ТМРКД, өз кезегінде, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ны табиғи монополиялар саласындағы заңнамаға сәйкес өз міндетін орындауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгінді. 2022 жылғы 26 қаңтардағы сот шешімімен ТМРКД-нің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар, ведомствода атап өткендей, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-і осы сот шешіміне аппеляция берді.
 

Алайда, Алматы қалалық соты 2022 жылғы 12 сәуірдегі өз шешімімен аппеляцияны қараусыз қалдырды. Осылайша, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-не күзгі-қысқы кезеңде температуралық режимді сақтамағаны үшін, жылуға төлем жасау кезінде тарифті төмендету жолымен сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, тұтынушыларға жылумен жабдықтаудың құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы Алматы қаласы бойынша ТМРКД-ның шешімін орындауы қажет", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның ақпараты бойынша, ТМРКД "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ның атына 2022 жылдың мамыр айында тұтынушылардың түбіртектерінде көрсетілуімен 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін қайта есептеу жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны