19.02.2020, 18:58 20751

Алматыда Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған "Абай әлемі" жобасы аясында мерекелік шаралар өтеді

"Абай әлемі" атты музыкалық сағатта Абайдың музыкалық композицияларын тамашай аласыздар. Іс-шараға келушілер ойын алаңына "Абайдың шығармаларын білесіз бе?" атты зияткерлік квестіне қатыса алады.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan Today - 20 ақпанда Алматыдағы Республика Сарайында ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған "Абай әлемі" жобасы аясында мерекелік шаралар өтеді.

Ұйымдастырушылар: Медеу ауаны әкімінің аппараты мен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі.

Қала тұрғындары үшін ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған "Абай әлемдік ғажайып тұлға" атты көрме ұымдастырылады. Көрмеде Хакім Абайдың әр түрлі лирикалар және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, "Қара сөздері", орыс және шетелдік авторлардың аудармалары ұсынылады.

Сонымен қатар, поэзия әуесқойларына "Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі" алаңында "Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің" оқырмандары мен танымал ақындар Абайдың өлеңдерін оқиды.

"Абай әлемі" атты музыкалық сағатта Абайдың музыкалық композицияларын тамашай аласыздар. Іс-шараға келушілер ойын алаңына "Абайдың шығармаларын білесіз бе?" атты зияткерлік квестіне қатыса алады.

Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен "Ұлы мұраны сақтау" мастер-классы және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны