24.03.2019, 14:57 5792

Алматыда "Алтын Орда - Мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи форматы" атты дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының бастамасымен ЮНЕСКО-ның қолдауымен жариялаған "Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық Онжылдығы (2013-2022)" аясында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының қолдауымен Алтын Орда мемлекетінің 750-жылдығына арналған "Алтын Орда - Мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи форматы" атты дөңгелек үстел 15 наурызда өтті.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының бастамасымен ЮНЕСКО-ның қолдауымен жариялаған "Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық Онжылдығы (2013-2022)" аясында Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының қолдауымен Алтын Орда мемлекетінің 750-жылдығына арналған "Алтын Орда - Мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің тарихи форматы" атты дөңгелек үстел 15 наурызда өтті.

Ұйымдастырушы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы.

Дөңгелек үстел екі бөлімнен тұрды: баяндамалар және пікірталас.

Дөңгелек үстелге танымал ғалымдар мен тарихшылар, мәдениеттанушылар, жазушылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, ақын Олжас Омарұлы Сүлейменов болды. Негізгі баяндамашылардың арасында қазақстандық ғалымдар М.Х. Абусеитова, К.Ш. Хафизова, Ж.М. Тулибаева, Т.Л. Фроловскаялар болды. Шақырылған қонақтар қатарында дипломатиялық корпустың өкілдері және Қазақстандағы аккредитациядан өткен халықаралық мекемелер бар.

Пікірталас кезінде мынадай өзекті тақырыптар талқыланды: Еуразиялық империя ретіндегі Алтын Орда; Көрші мемлекеттерге және бағынатын, құрамына кірген ұлттарға Алтын Орданың тарихи әсері; Алтын Орданың мәдени мұрасы; Ұлттық ғылыми мектепті қалыптастыру контексінде Алтын Орданы одан әрі зерттеудің болашағы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны