17.02.2020, 18:29 9478

Алматыда қар тазалау бойынша тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды

Еске салсақ, Алматы қаласында 16 ақпанда сағат 03.00-ден бастап арты қарға ұласқан жаңбыр жауа бастады. Қалада барлығы 18 см қар түсті, ал таулы жерлерде қар қалыңдығы 90 см-ге жетті.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда қар тазалау бойынша тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев мәлімдеді.

Еске салсақ, Алматы қаласында 16 ақпанда сағат 03.00-ден бастап арты қарға ұласқан жаңбыр жауа бастады. Қалада барлығы 18 см қар түсті, ал таулы жерлерде қар қалыңдығы 90 см-ге жетті.

Осыған байланысты қала әкімдігі мен 8 аудан әкімдіктері тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырды.

"Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғаннан бастап жол қиылыстарына материалдармен төгу жұмыстары жүргізілді. 6 911 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды", - деді Диас Ахметқалиев.

Д. Ахметқалиевтің ақпараты бойынша, бүгінгі күні қарды тазалау қаланың 2450 көшесінде жүргізіледі, оның ішінде 219 - магистральды, 171 - аудандық және 1928 - жергілікті көше. Жолдардың жалпы ұзындығы 2 718 км және 1 264 км тротуарлар. Көшелерді қысқы тазалауға "Алматы Тазалықтан" өзге 13 ұйым жұмылдырылған.

"16 ақпанда таңғы сағат 05.00-ден бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қарды тазалау бойынша колонналар ұйымдастырылды. Қар тазалау жұмыстарына 600 - ден астам арнайы техника мен 2 500-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылды" - деп толықтырды Д. Ахметқалиев.

Сонымен қатар, қардың қалың түсуі салдарынан электр беру желілері үзілді.

"16-17 ақпан аралығында "АКЖ" МКК диспетчерлік қызмет пультіне желілердің үзілуі бойынша 201 өтініш түсті. Оның ішінде 164 желі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етті, қалған 37 өтінім бойынша жұмыс жүріп жатыр. "АҚЖ" МКК - ның 9 техникасы мен барлығы 90 адамнан тұратын жеке серіктестің 30 техникасы жұмылдырылды", - деп атап өтті "Алматы қаласы құтқару қызметінің" басшысы Дмитрий Чухонцев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны