01.11.2022, 13:42 7306

Алматыда қисайған көпқабатты үйлерді бұзуға бір жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының мамандарынан мәлім болды.
Алматыда қисайған көпқабатты үйлерді бұзуға бір жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді
Сурет: Depositphotos
Алматы. 1 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматының Зерделі ықшам ауданындағы құрылысы бітпеген екі тұрғын үйді сүруге жергілікті бюджеттен 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінген. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының мамандарынан мәлім болды.
 
Ықшам аудан алғашында "Алғабас-6" деп аталған. Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының сараптамасы негізінде салынып бітпеген тоғыз қабатты екі ғимараттың бұзылатынын айтқан еді. Себебі құрылыс талапқа сай жүргізілмеген. Мердігер компания жауапсыз мекеме тізіміне енгізіліп, сот шешімімен бюджетке 140 миллион теңге өндірілген.
 
Әкімдік өкілінің айтуынша, құрылысы аяқталмаған бұл үйлерде үлескерлердің қаражаты жоқ. Сапасыз тұрғын үйлер жыл соңына дейін сүріліп, келесі жылы орнын абаттандыру жұмыстары басталады.
 
Айта кетейік, Зерделі ықшам ауданында қисайған 30 үйдің 23-нің іргетасы күшейтілген. Жыл соңына дейін тағы 7 үй нығайтылады.
 

Институттың қорытындысы бойынша үйдің сапасы өте нашар. Атап айтқанда, арматурасы сәйкес келмейді. Үй қисайып дұрыс салынбаған. Жергілікті бюджеттен берілді. Екі үйді бұзуға. Өйткені территориясы өте кішкентай, көрдіңіздер. Үлкен техникалар кіре алмайды. Жұмысы өте көп адам күшімен жасалынатын жұмыс. 9 қабатты бұзу үшін үлкен жұмыс керек оған", - деді Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдар Нұрғожаев.

 
Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны