04.08.2020, 23:27 3785

Алматыда медициналық мамандарды Covid-19-ды диагностикалау және емдеу ережелерін онлайн оқыту жүргізілуде

Алматыда медициналық мамандарды Covid-19-ды диагностикалау және емдеу ережелерін онлайн оқыту жүргізілуде

Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда 800-ден астам медициналық қызметкер Covid-19-ды диагностикалау және емдеу бойынша семинар-тренингтерден өтті.

Бұл туралы Алматы қаласының жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн сұхбат барысында айтты.

Медициналық мамандарды жұмысқа алумен қатар, оларды оқытуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жоғары медициналық колледжі жанынан оқу-әдістемелік орталығы құрылған. Ол практикалық денсаулық сақтау мамандары үшін білім беру бағдарламасының операторы болып табылады.

"Ағымдағы жылдың наурыз айынан бергі күнтізбелік-тақырыптық жоспар қайта қаралды, Covid-19 емдеу және диагностикалау, дәрігерлер, медбикелер және кіші медициналық персонал үшін үшін ЖҚҚ кию және шешу бойынша семинар-тренингтер енгізілген", - деп атап өтті жоғары медициналық колледж директоры.

Медициналық қызметкерлерді онлайн оқыту Classroom, bilim, zoom платформаларында жүргізіледі. Практикалық оқыту жұмыс орнында өтеді деп атап өтілді. Өткізілген вебинарлар барлық медициналық ұйымдарға тираждалған, ол жерде олардың ротациясы қамтамасыз етілген.

"Семинар тренингтер шетелдік және отандық мамандардың қатысумен өтеді. Теориялық бөлімі онлайн форматта, практикалық бөлімі жұмыс орнында өкізіледі", - деп толықтырды С.Сұлтанғазиева.

Бүгінгі таңда 800-ден астам қызметкер оқытылған. Сонымен бірге, Англиялық мамандармен вебинарлар басталған. Сондай-ақ, Ресейлік мамандармен вебинар өткізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны