24.03.2020, 23:32 6986

Алматыда ШОБ субъектілеріне коммуналдық меншікті жалға беру төлемі тоқтатылды

Осылайша, биылғы жылдың 20 наурызынан бастап мүліктік жалға алу шартын жасасқан жалға алушыларға 3 ай мерзімге жалдау бойынша есептеу тоқтатылады.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда ШОБ субъектілеріне коммуналдық меншікті жалға беру төлемі тоқтатылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі коммуналдық меншік объектілерінің жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Осылайша, биылғы жылдың 20 наурызынан бастап мүліктік жалға алу шартын жасасқан жалға алушыларға 3 ай мерзімге жалдау бойынша есептеу тоқтатылады.

Бұл ретте жалға алу төлемін тоқтата тұру Алматы қаласындағы төтенше жағдай жарияланған және карантинге байланысты жалға алу төлемдерін уақытылы төлеуге мүмкіндігі жоқ шағын және орта бизнес субъектілеріне ғана беріледі . Бұл шаралар кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыс орындарын сақтауға және еңбекке ақы төлеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін "Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы" КММ-нің мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: + 7 (727) 390-18-30, + 7 (727) 390-18-24.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны