24.01.2022, 16:34 16331

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төлеу басталады

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төлеу басталады
Сурет: ҚР ТЖМ
АЛМАТЫ. 24 ҚАҢТАР - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен жеке тұлғаларға өтемақы төленеді. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты.
 
Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ-тың 603 қызметкері зардап шеккен. Оның ішінде, құқық қорғау органдарының 592 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері, "Алматы" телеарнасының 1 қызметкері және медициналық ұйымдардың 6 қызметкері бар. Олардың барлығына өтемақы төленеді. 
 
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеровтың айтуынша, зардап шеккендерге төлемдер келесі дәрежелерге қарай беріледі. Ауыр дәрежеде зардап шеккендер – 2 млн теңге, орташа дәрежеде – 1 млн теңге, жеңіл түрде – 500 мың теңге төленеді. 
 
Сонымен қатар, қалада төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған Полиция департаментінің 3 878 қызметкеріне, Төтенше жағдайлар департаментінің 1 207 қызметкеріне, Қоғамдық денсаулық басқармасының 3 888 қызметкеріне, құтқару қызметінің 93 қызметкеріне 100 мың теңге қаржылай көмек төленеді. 
 

Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады", - деді Ілияс Өсеров. 

 
Сондай-ақ, тиісті тергеу әрекеттері аяқталған соң зардап шеккен автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін Полиция департаментіне шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны