08.01.2021, 15:12 10007

Алматыда тәулігіне орташа есеппен COVID-19-бен ауруханаға 50 науқасқа дейін жатқызылады — қалалық денсаулық сақтау басқармасы үйден көп шықпауға шақырады

Жұқтырудың 7%-ға өсуі жеңіл және орташа ауырлықтағы симптомдары бар пациенттердің есебінен жүріп жатыр.
Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев COVID-19 бойынша статистиканы жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 19 138 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 105 жаңа жағдай анықталды. Қазіргі уақытта сауығып шыққандар — 17 638 адам, бұл жұқтырған барлық жағдайлардың 90% құрайды.
 
Н. Табынбаевтың айтуынша, коронавируспен күресуге бағытталған уақтылы қабылданған шешімдер өз нәтижесін беруде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі азайды, бүгінде 1261 төсек жұмыс істейді, бұл ретте жалпы санының 68%-ы немесе 5 145 төсек-орын резервте тұр. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 40-тан 50-ге дейін пациент ауруханаға жатқызылады.
 
Пандемия кезеңінде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны — 389 адам, өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,2%-ды құрады. Алматы өңірлер бөлінісінде Нұр-Сұлтан, Батыс, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін 5-ші орын алады. Қатысушылардың орташа жасы — 65-80 жас.
 
Бізде реанимация бөлімшелері 50% жұмыс істейді. Бастапқы саны 80 реанимациялық төсек-орын болса, оларды 110-ға дейін арттыруға тура келді. Айта кету керек, инфекцияланған КВИ арасында көптеген қатар жүретін аурулары бар науқастар саны айтарлықтай өсті. Әр ауру үшін 4-5 ауыр асқынған патологиялары болады, олардың өршуі өлімге әкелуі мүмкін.
 

Сондықтан қала тұрғындарынан үйден сирек шығуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдемеумен айналыспауды және алғашқы белгілері болған кезде білікті медициналық көмекке жүгінуді сұрағым келеді", — деп атап өтті Н. Табынбаев. 

 
Ол бүгінде науқастарды ковидті клиникаларға жатқызу қатаң түрде Жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы жүзеге асырылатынын еске салды. 
 
Жедел жәрдем жұмысында жүктеменің төмендеуі байқалады, КВИ және пневмониямен ауыратындар саны 69%-ға азайды.
 
Анықтама үшін: егер 2020 жылы 15 маусым мен 5 шілде аралығында Алматы қаласында ең жоғары көрсеткіш тәулігіне 8000 өтініш, 5000 қоңырау болса, бүгінде 2500 өтініш, 1700 қоңырау түсті.
 
Ж. Бекшин атап өткендей, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды шектеу шараларын бақылауды күшейту матрицасында бағалау сары аймақта болуын жалғастыруда. Алматы қаласында індеттің екінші толқынының дамуы қазан айында басталды, 3 айда КВИ жағдайларын тіркеу 14 есе өсті. Қаңтар айының 7 күнінде КВИ-дің 700-ден астам жағдайы тіркелді, қаңтар айына болжам қолайсыз және 4500-ге дейін жағдайды құрайды.
 
Соңғы 14 күнде 20-39 жастағы азаматтар арасында сырқаттанушылық 35%-ды, 40-59 жас аралығында 33%-ды құрайды, бұл шектеу шараларының бұзылуымен және корпоративтік кештерді өткізумен, сауда объектілеріне барумен байланысты.
 

Ауруды жұқтыруды төмендету үшін әлі де адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Сонымен қатар, вирустың таралуын тоқтату үшін ашық ауада маска тағу, арақашықтықты қатаң сақтаңыздар. Коронавирустық инфекциямен ауырған науқастармен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігердің үйіне шақыртуды, зейнеткерлерге аса қажеттіліксіз тұрғын үйлерден шықпауды ұсынамыз", — деді Ж. Бекшин алматылықтарға.

 
Н. Табынбаев атап өткендей, бүгінде 691 адам медициналық бақылауда — 278 симптомсыз және 413 науқаста аурудың жеңіл белгілері бар. Соңғы екі аптада осы санаттағы пациенттердің саны бір деңгейде — 650-ден аспаған. Жұқтырудың 7%-ға өсуі жеңіл және орташа ауырлықтағы симптомдары бар пациенттердің есебінен жүреді.
 
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы COVID-19-ға қарсы күрес бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуетті арттыруды жалғастыруда. Егер 2020 жылдың маусымында мобильді бригадалардың саны 72 болса, бүгінде олардың саны 298-ге жетті. Тартылған мамандар саны 5 есеге артты.
 
Сонымен қатар, амбулаториялық емделуде жатқан COVID-19 бар пациенттерді жүргізу бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын қолдау мақсатында телемедицина орталығы құрылды. Оның мақсаты — қауіп тобындағы науқастарды — бұл қарт адамдар мен жанама аурулары бар науқастарды қашықтықтан бақылау және кеңес беру. Соңғы екі айда 1 қарашадан 4 қаңтарға дейін орталық мамандары 10 000-ға жуық кіріс қоңырауларын қабылдап, 40 000-ға жуық шығыс қоңырауларын жасады.
 
Жұмыс ковидті пациенттерге көп көңіл бөле отырып, жоспарлы пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына әсер етпейтіндей етіп құрылған. КВИ-ның теріс нәтижесі болған жағдайда азаматтар емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша ем ала алады. Бұл ретте, ПТР-тестілеуді емхана тегін жүзеге асырады, тесттің қолданылу мерзімі 5 күнді құрайды.
 

Біз пациенттерге қандай қамқорлық көрсетсек, сол сияқты әріптестерімізге де қамқорлық көрсетеміз, сондықтан ПТР жасай отырып, біз, бірінші кезекте, олардың жұқтыру қаупін азайтамыз. Шұғыл жағдайда ауруханаға жатқызу кезінде ПТР стационарда жүргізіледі", — деді Н. Табынбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны