25.03.2021, 17:21 11498

Алматыда жоғалған жасөспірімді іздеу оныншы күні жүріп жатыр

АЛМАТЫ. 25 НАУРЫЗ - Алматыда 16 наурыздан бастап 2007 жылы туған Зайцев Артемді іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Club_dobryakov_almaty Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Зайцев Артем Алексеевич, 2007 жылы туған, 2021 жылдың 16 наурызында сағат 11.00 шамасында Өтепов көшесінде орналасқан үйден кетіп қалған.
 
Белгілері: бойы 165 сантиметр, орташа спорттық дене бітімі, көздері қоңыр, шашы сары, қысқа. Үстінде қара-жасыл күрте, қара жемпір, қара спорт шалбар, ақ кроссовкалар болған. 
 
Артём Зайцевтің қай жерде екендігі туралы ақпаратқа ие болғандардың барлығына анасы Светланаға 8 707 582 31 96 нөмірі бойынша немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласуды өтінеміз.
 
Еске сала кетейік, 19 наурызда Алматыда жоғалып кеткен Аяжан Еділова қаза тапты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны