13.10.2020, 19:17 9389

Алматылық бизнесмендерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен персоналдың денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады

Карантин талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін - 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске саламыз.

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Алматылық бизнесмендерді санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен персоналдың денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов айтты.

Н.Әбілшайықовтың айтуынша, ТЖ режимінің енгізілуіне және карантинге байланысты экономиканың көптеген салаларына әлі де тыйым сақталып отыр. Мысалы, бұл киноиндустрия және ойын-сауық салалары. Бизнестің кейбір түрлері маңызды шеутеулермен жұмыс істеп жатыр. Бұл туризм, қонақ үй бизнесі, қоғамдық жалпы тамақтану орындары әне басқалары.

"Сандар эпидемиялық жағдайдың қиындап келе жатқанын көрсетеді - Алматы қаласында коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны көбеюде. 13 қазан күні ол 14 мыңнан астам адамды құрады", - деп хабарлады Палата директоры.

Алматы қаласының әкімдігі жүргізген мегаполистегі эпидемиялық жағдайдың талдауына сәйкес, COVID-19 жағдайларының көбеюінің екі себебі бар - вирустың шетелден келуі және қала тұрғындарының маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау сияқты санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Сонымен бірге, Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтамайтын жеке бизнес субъектілері бар.

2020 жылдың 5 шілдесінен 9 қазанға дейінгі аралықта Алматыда әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы 4 мыңға жуық хаттама толтырылды. Оның ішінде нысандарда - 109 млн теңгеге 1200 айыппұл салынып, жеке тұлғаларға 125 млн теңгеге 2600-ден астам хаттама толтырылған. Республика бойынша көрсетілген мерзімде 894 млн теңгеге шамамен 16 мың хаттама толтырылды, сонымен бірге, 307 млн теңгеге жеке тұлғаларға айыппұл салынды.

Осыған байланысты, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында пандемия және жұқтырудың жаңа толқыны қаупі төнген кезде бизнесмендерді қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

"Қызметшілер мен келушілердің дене қызуларыны өлшеу жүргізілуі, әлеуметтік арақашықтық пен маска тағу режимін сақтауды қамтамасыз ету, үй-жайларды жеткілікті мөлшерде санитайзерлермен жарақтандыру, бөлме-жайлар желдету жүйелерімен қамтамасыз етіліп, желдетіліп отырылуы қажет. Мекемелерге келушілер мен клиенттерді, сонымен қатар мегаполистің әрбір қарапайым тұрғынын маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты, жеке гигиена талаптарын сақтауға шақырамыз. Бұл талапты, әсіресе, егде адамдар, балалар, созылмалы ауруы бар, иммунитеті төмен адамдар ұстануы қажет", - деп толықтырып өтті өз сөзін Н.Әбілшайықов.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін - 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске саламыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны