12.08.2020, 14:05 4523

Алматылық кардиологтар COVID-19-бен күрес аясында өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынуда

Сонымен бірге, маман бүгінде халық арасында майлы тағамды пайдалану коронавирус инфекциясынан тез жазылуға әкеледі деген пікір бар екенін айтты. Алайда, ол жүрек қан тамырлары аурулары бар науқастарға коронавирус инфекциясы кезінде бұл кеңеске құлақ аспауға және майлы тамақты тұтынбауға шақырды.

Алматы. 12 тамыз. Kazakhstan Today - Қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-сұхбат барысында, "Қалалық кардиология орталығының" директоры Алмат Қодасбаев, пандемия кезіндегі орталықтың жұмысы туралы айтып берді.

Ол орталық күнделікті жұмыс барысында пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынын атап өтті.

"Біз бәрімізге ортақ жұмысты жақсы ұйымдастырдық. Барлық қызметкерлер тәулік бойы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайды: олар АЖҚ (арнайы жеке қорғаныш) киімдермен жұмыс істейді, кестеге сәйкес маскалар мен қолғаптарды ауыстырып отырады. Біз көп салалы клиникамыз, алайда пациенттермен тікелей байланыста болып, оларға медикаментоздық және хирургиялық қызметтер көрсетеміз. Сондықтан қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі бірінші орында тұрады", - деді Алмат Қодасбаев.

Сондай-ақ, ол карантин кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, пациенттерді қабылдау жұмыстары жалғасқанын айтты.

"Бұл қызмет түрі өңірлерде уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты пандемия кезінде Алматы облысының тұрғындарына көмек көрсетуге тура келді. Біздің орталыққа тексеруден өтпеген науқастар жеткізілді. Қабылдау бөлмесі мен реанимация бөлімі қызыл аймақ ретінде ұйымдастырылды. Онда анализ талдаулары жоқ науқастар шұғыл түрде науқастар жеткізілді", - деді Алмат Қодасбаев. ПТР талдаулары бар пациенттер жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылатынын атап өтті. Ал шұғыл түрде келген пациенттер анализді қабылдау бөлмесінде тапсырып, нәтижесін 10-12 сағат ішінде алады. Анализ бар-жоқтығына қарамастан, медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарға шұғыл көмек көрсетіледі.

Алматылық кардиологтар COVID-19-бен күрес аясында өз бетінше емделмеуді және майлы тағам қабылдамауды ұсынуда.

Қаланың өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барысында "Қалалық кардиологиялық орталық" директоры Алмат Қодасбаев жүрек қан тамырлары ауруларымен ауыратын науқастарға коронавирус инфекциясын жұқтыру немесе соған ұқсас белгілер байқалған жағдайлар болса деп бірнеше ұсыныстар берді.

Маманның атап өтуінше, коронавирус жүректің бұлшық ет клеткаларына әсер ететіндіктен, жүрек қан тамырлары бар науқастарда коронавирус инфекциясы басқаларға қарағанда ауыр өтеді. Сол себепті емдеу кардиологтың қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс.

"Біз өзіміздің барлық пациенттерімізге қандай жағдай болмасын тағайындалған негізгі препараттарды қабылдаудан бас тартпауды ұсынамыз. Препараттарды өз бетінше ауыстырмау керек. Мүмкіндігінше жақын маңдағы медициналық мекемеге бару керек", - деп атап өтті Алмат Қодасбаев. Ол жүрек ауруларымен бірге коронавирусты емдеу антибиотиктерді қабылдау сияқты, дәрігердің қатаң бақылауында жүзеге асырылуы керектігін атап өтті.

Сонымен бірге, маман бүгінде халық арасында майлы тағамды пайдалану коронавирус инфекциясынан тез жазылуға әкеледі деген пікір бар екенін айтты. Алайда, ол жүрек қан тамырлары аурулары бар науқастарға коронавирус инфекциясы кезінде бұл кеңеске құлақ аспауға және майлы тамақты тұтынбауға шақырды. Себебі майлар мен холестерин жүрек қан тамырлары жүйесіне қосымша күш түсіреді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны