22.02.2021, 20:06 9670

Алматының Көк базары маңындағы көлік тұрағы 1 наурыздан бастап қымбаттайды

"2021 жылдан бастап № 1501 аймағында сараланған тариф іске қосылады. Көкбазардың маңында 1 сағат тұрақ құны 150 теңге болмақ. Бұл өзгерістер тек сол базар маңындағы 317 тұрақ орнына байланысты".
Алматы. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда Көк базар маңында сараланған тариф енгізілетін болады.
 

2021 жылдан бастап № 1501 аймағында сараланған тариф іске қосылады. Көкбазардың маңында 1 сағат тұрақ құны 150 теңге болмақ. Бұл өзгерістер тек сол базар маңындағы 317 тұрақ орнына байланысты", - делінген "Алматы паркинг" ЖШС ресми парақшасында.

 
Мұндай тариф тұрақтардың толуын реттеуге септігін тигізеді.
 
Тұраққа сұраныс көп болған сайын бағасы қымбат болады. Бұл тәсіл тұрақ орнының қолжетімділігін 10-20%-ға арттырады.
 
Компания өкілдері неліктен Көк базар маңында сараланған тариф енгізіліп жатқанын түсіндірді.
 

2020 жылы базар маңындағы тұрақтардың басқа жердегі тұрақтармен салыстырғанда 2 есе көп уақыт алатыны анықталды. Бұл жерде 1 орында күніне 2,6 көлік тұрады екен. 2017 жылы күніне 7 көлік айналатын. Қым-қуыт сәттерде автотұрақ 100 пайызға пайдаланылады. Бұл сол жерде тұратын адамдарға да ыңғайсыз әрі көлік иелері орын іздеп айналып жүрген кезде кептеліс тудырады", - деді компаниядан.

 
Жүргізілген талдауға сәйкес, тұрақ ақысының көтерілуі базар келушілеріне көп ықпал етпейді. Себебі, келушілер аз уақытқа келіп кетеді. Ал базар маңына бір күнге көлігін қалдыратындарға бұл тиімсіз болмақ.
 
Ал қаланың басқа аймақтарында тұрақ ақысы сағатына 100 теңге. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны