07.01.2022, 17:00 351

Алматының өзіне 20 мың содыр шабуыл жасады, деп мәлімдеді ҚР Президенті

Алматының өзіне 20 мың содыр шабуыл жасады, деп мәлімдеді ҚР Президенті
Сурет: facebook-Anastasia Romanova
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде тәртіпсіздік барысында Алматыға 20 мың содыр шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Содырлардың терракт жасау туралы жымысқы жоспары мен жасырын дайындығын мемлекет қалайша білмей қалғанын анықтап, түсіну аса маңызды. Тек Алматының өзіне 20 мың содыр шабуыл жасады", - деп атап өтті Тоқаев.

 
Оның мәліметтері бойынша, Алматыда содыр-лаңкестердің қолынан әкімшілік ғимараттар ғана емес, бейбіт тұрғындардың мүлкіне де залал келді. Сондай-ақ, жүздеген бейбіт тұрғын мен әскери қызметшінің денсаулығы мен өміріне қатер төнді.
 
Мемлекет басшысы қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны