30.01.2007, 18:38 3009

"Алтын квадраттың" тұрғындары шенеуліктердің озбырлығына қарсы наразылықтарын білдіріп, аштық жарияламақ (кеңейтілген нұсқасы)

АЛМАТЫ. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Үйлері бұзылатын "Алтын квадрат" тұрғындары шенеуліктердің озбырлығына қарсы наразылықтарын білдіріп, аштық жарияламақ, деп мәлімдеді Алматыдағы баспасөз мәслихатында осы бастаманы көтерген топтың төрағасы Нұрлан Ибрашев.

"Біз, қаланың тарихи орталығында орналасқан үйлердің тұрғындары, "Алматыжер" басшыларының озбырлығына қарсы наразылық білдіреміз. Біз "Модуль-Инвест" ЖШС-тің (инвестор. - Kazakhstan Today ескртуі) өкілдерінің бізбен 2007 жылдың 5-ақпанына дейін дұрыс келісімге келіп, бізге нақты нарық бағасымен төлемақы төлеуді немесе осы аудандағы бірдей бағалы тұрғын үй берулерін талап етеміз. Егер аталмыш талап қанағаттандырылмаса, біз 5-ақпанда жаппай аштық жариялауға мәжүбүрміз",- деп мәлімдеді Н. Ибрашев.

Оның сөздеріне сүйенсек, пәтер иелері "соттардың прокуратураға назар аудармайтындығынан және тек "Алматыжердің" айтқандарын ғана істейтіндіктен, осындай қадамға баруға мәжүбүр. "Прокуратура әсер ете алмады, сондықтан да біз осындай шара өткізуге шешім қабылдадық",- деп түсіндіреді Н. Ибрашев. "Біз бұл наразылық шарасының қайда өтетіндігін әлі белгілеген жоқпыз. Бірақ, міндетті түрде біздің ауданда өтеді. Біз заң бұзбаймыз, бәрі де заңды негізде болады", - деп қосты ол.

Мемлекет қажеттілігіне алынатын жерде орналасқан фирманың өкілі, кәсіпкер Наталья Чанова, адамдардың мәмлеге келуге дайын екендіктерін атап өтті. "Бірақ 5-ақпанға дейін "Модуль-Инвесттің" өкілі бізбен мәмлеге келмесе, біз аштық жариялауға мәжүбүрміз",- деді ол.

Н. Ибрашевтың сөзіне сүйенсек, аштық жариялауға 40-50 адам әзір.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны