28.07.2006, 16:18 2840

Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне қатысты кезекті сот отырысы барысында сот медициналық сарапшылары сұралды

ТАЛДЫҚОРГАН. 28 шілде. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбевпен оның көмекшілері Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның өліміне қатысты сот отырысы барысында марқұмдардың мәйіттерін тексерген сот медицина сарапшылары сұралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтқанда, судья үстіміздегі жылдың 13 ақпанында табылған мәйіттерді қарауға қатысқан соттық медицина сараптамасы орталығының сарапшысы Сәбит Жансүгіровтен сұрақ-жауап алды. Адвокаттардың бірінің сауалына жауап берген куәгер, "мәйіттердің орналасу нышанына" қарағанда А. Сәрсенбаев, В. Журавлев, Б. Байбосын табылған жерде өлтірілген, деді.

Оған қоса, сотқа 2006 жылы 14 ақпанда А. Сәрсенбаевтың мәйітіне сараптама жүргізген Алматы сот медициналық сараптама меңгерушісі Қасымхан Нұрқалиев шақырылды. Оның айтуынша, "өлген уақыты мәйіттің табылған сәтінде белгіленуі тиіс". К. Нұрқалиевтың пайымдауынша, ол табылғанға дейін бір-бір жарым күн бұрын өлген.

Келесі сот отырысы 28 шілдеде өтеді. Сот медицина сарапшыларын сұрау жалғасады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны