24.07.2017, 19:52 4578

Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барып, туризмніӊ даму жағдайын көзбен көріп қайтты

Облыс әкімі А. Баталов саябақта серуендеп жүрген тұрғындармен, ойын алаӊындағы балалармен тілдесті. Жаӊадан шаӊырақ көтеріп жатқан жастарға саябақ ішінде жолығып, тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.

Талдықорған. 24 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданына жұмыс сапарымен барып, туризмніӊ даму жағдайын көзбен көріп қайтты. Соныӊ ішінде әлеуметтік салаларды да аралап, Ақши ауылында жаӊадан пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияда, Үшарал қаласындағы "Жастар" саябағында да болды.

Талдықорғандағы "Жастар" мәдени-демалыс саябағы мен Қаратал жағалауын үлгі ете отырып салынған Үшаралдағы жаӊа саябақ көз қуантады. Мамыр айында пайдалануға берілген демалыс орныныӊ аумағы - 15,1 га. Бөлінген 103,6 млн. теӊгеге аталмыш саябақтыӊ жөндеу және абаттандыру жұмыстарын "Алакөл жылу" ЖШС сапалы жүргізген. Аллеяда сәулеттік мүсіндер, Мәӊгілік ел монументі қойылған. Мұнда балаларға арналған шағын футбол және ойын алаӊдары, велосипед жолы, дене шынықтыруға арналған құрылғылар қарастырылып, субұрқақ, үлкен қолшатыр үлгісімен сәндетіліп жабылған орындықтар орнатылған.

Облыс әкімі А. Баталов саябақта серуендеп жүрген тұрғындармен, ойын алаӊындағы балалармен тілдесті. Жаӊадан шаӊырақ көтеріп жатқан жастарға саябақ ішінде жолығып, тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.

Мұнан соӊ Алакөл жағалауын дамытудыӊ егжей-тегжейлі жоспарымен, көл жағалауын бекіту, автокөлік жолдарын қайта жаӊғырту, Ақшиде салынатын темір жол вокзалы құрылысыныӊ жобаларымен, көл жағалауында туримзді дамыту шараларымен танысты.

Облыс әкімі А. Баталов көл жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізбес бұрын ғылыми зерттеу шараларын атқару қажеттігін айтты. Жағалаудыӊ қай тұсын су жиі шаятынын, толқын соққысы қай жерге көп тиетінін, жалпы жағалауды бекіту барысында назарға алынуы тиіс мәселелерді арнайы ғылыми мамандармен бірлесе отырып атқаруды тапсырды. Сонымен қатар темір жол вокзалыныӊ құрылысын тамыз айыныӊ ортасынан кешіктірей бастау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ Ақши ауылындағы "AQUAMARINE resort", "Alakol resort" сияқты қонақ үй кешендерін аралау барысында көл жағалауындағы туризмді дамыту үшін еӊ алдымен қызмет көрсету сапасы жоғары, демалушыларға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған қонақ үйлердіӊ маӊызы зор екенін айтты. Аудан әкімі Илібек Жақанбаевқа Алакөл маӊында туризмді дамыту шараларын үздіксіз жүргізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны