26.03.2013, 10:44 3211

Америкалық журналист Денис Тенге алтын жүлде беруді талап етуде

Ол халықаралық коньки федерациясы президенті Оттавио Чинкванте пен ХОК басшысы Жак Роггенің атына арнайы хат жазып, Денис Тенге алтын медаль беруді талап етпек. Және ол арнайы петицияға қазір қол жинап жатыр, деп хабарлайды "Аламан" ұлттық спорт порталынан.

Астана. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Америкалық журналист Моника Фридлендер биылғы жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Денис Тен жеңіске жетті деп ойлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол халықаралық коньки федерациясы президенті Оттавио Чинкванте пен ХОК басшысы Жак Роггенің атына арнайы хат жазып, Денис Тенге алтын медаль беруді талап етпек. Және ол арнайы петицияға қазір қол жинап жатыр, деп хабарлайды "Аламан" ұлттық спорт порталынан.

Канадада өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жарыс қожайыны Патрик Чаннан ұтылып, күміс медаль алған еді. Америкалық журналистің ойынша, биылғы сынды Чан емес Тен ұтқан.

"Біздің ойымызша, Чанға әділетсіз түрде алтын медаль берілді. Чан екінші бағдарламада екі рет құласа да алтын алды. Мұндай қателіктермен алтынды былай қойғанда тұғырға шығудың өзі әділетсіздік. Биылғы жылдың алтын медалі Денис Тенге берілуі тиіс" деп жазылған Фридлендердің хатында.

Бұған дейін, Денис Теннің әлемдік сында алтын алу керектігін олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, америкалық мәнерлеп сырғанаушылар Джонни Вейр және Тодд Элдридж де қадап айтқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны