21.09.2020, 21:11 5024

Америкалық топ Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" шығармасын орындады????

Бұл бейнебаянды америкалық топ АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет жөніндегі бюросының Өнер өкілдері кеңесі мен American Music Abroad бағдарламасы көмегімен қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнады.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық өкілдігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптеуге арналған үлкен науқанын жалғастырады.

Бұл бейнебаянды америкалық топ АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім және мәдениет жөніндегі бюросының Өнер өкілдері кеңесі мен American Music Abroad бағдарламасы көмегімен қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнады.

2018 жылы Humming House тобы аталған бағдарламасы аясында Қазақстанды, Абайдың туған жері Семейді көрген болатын.

"Біздің орындауымыздағы ұлы Абайдың әнінің нұсқасы сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз. 2018 жылы бізге American Music Abroad бағдарламасы арқылы Қазақстанға бару бақыты бұйырды. Біз қазақтың ұлы ақыны Абайдың туған жері Семей өңірінде тоқтадық. Тамаша уақыт өткізіп, мәдениетімен танысып, тағамдардан ауыз тиіп, адамдардың қонақжайлылығына тәнті болдық. Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойына орай біз де бар күшімізді салып, атап өткізгіміз келді. Бобби ішекті аспаптардың әуендерін әрледі және осы нұсқаны Семейге және Қазақстанның барша халқына Нэшвиллден дұғай сәлеммен және сүйіспеншілікпен жолдаймыз", деді Humming House атты АҚШ-тың Теннесидегі Нэшвиллдік тобы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны