02.10.2018, 14:48 4417

"Иміре" фильмініӊ операторы Грузияда өткен фестивальде арнайы жүлдемен марапатталды

Естеріӊізге сала кетсек, үстіміздегі жылы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтыӊ тенор дауысты біртуар әншіcі Иміре Қашаубаевтыӊ ғұмырын баяндайды.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - "Иміре" фильмініӊ операторы Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") Тбилисиде қыркүйектіӊ 27-сі мен 28-і аралығында өткен Golden Eye ("Алтын көз") атты халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясыныӊ арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдіӊ арнайы дипломымен марапатталды.

Естеріӊізге сала кетсек, үстіміздегі жылы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтыӊ тенор дауысты біртуар әншіcі Иміре Қашаубаевтыӊ ғұмырын баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Илидар Өтемұратовтыӊ "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Халықаралық түсірілім тобыныӊ құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa). Фильмніӊ сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Иміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.

Инновациялық технологиялардыӊ Халықаралық қоры ұйымдастырған еӊ танымал іс-шаралардыӊ бірі - Golden Eye кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардыӊ кәсіби деӊгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтамалық ақпарат:

"Иміре", ұзақтығы: 88 минут

Өндірісі: "Қазақфильм" АҚ, "Dar Play" компаниясы

Бас Продюсері: Илидар Өтемұратов.

Режиссері: Джеф Веспа (АҚШ).

Операторы: Максим Осадчий (Ресей).

Сценарий авторы: Бенжамин А. ванн дер Вин (АҚШ).

Кеӊесші: Жарқын Шәкәрім, (ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, Иміре Қашаубаевтыӊ өмірі мен шығармашылығана арналған еӊбектердіӊ авторы).

Актерлер:

Эбби Корниш - Ли Эббот

Санжар Мәдиев - Иміре

Еркебұлан Дайыров - Мұстафа Шоқай.

Бен Олдридж - Джордж Гершвин

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны