08.02.2007, 14:36 2866

Апатқа ұшыраған Өзбекстан тікұшағының құйрығы шоқыға соғылған - Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті

ШЫМКЕНТ. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Өзбекстан тікұшағының апатқа ұшырауы тікұшақтың құйрығы шоқыға соғылу салдарынан болған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"МИ-24 тік ұшағының құйрығы шатқалдың шоқысына соғылып, Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасына құлаған",- дейді мекемедегілер.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, оқиға болған жердің маңайында, "Өзбекстан аумағында экипаждың бір мүшесінің мәйіті табылған". "Өзбекстаннан келген тікұшақ екі адамды алып кетті. Тағы екі адамды Қазақстан Респуликасының шекарашылары ұстаған",- деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.

Бұрын хабарлағанымыздай, 7-ақпанда 14 сағат 55 минутта Қақпақ шекара заставасының жанында, Қазақстан аумағында Өзбекстан Республикасына тиесілі МИ-24 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақтың ұшқышы қаза тапқан. Оқиға болған жерге Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Керімберді Балтабаев басқарған жедел топ қызметкерлері барды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны