02.12.2015, 18:41 4816

"Апорт" алмалары егілген алқап көлемі 2020 жылға қарай 3,1 га құрайды - А.Баталов

Алматы облысында 2020 жылға қарай "Апорт" сұрыпты алмалар егілген алқап көлемі 3,1 мыӊ га құрайды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде өӊір әкімі Амандық Баталов

Алматы. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысында 2020 жылға қарай "Апорт" сұрыпты алмалар егілген алқап көлемі 3,1 мыӊ га құрайды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде өӊір әкімі Амандық Баталов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2020 жылға дейін апорт бақтарыныӊ аумағын 3,1 мыӊ гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз, жалпы Қазақстанды қамтамасыз етіп, экспортқа жұмыс жасамақпыз", - деді А.Баталов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бүгінде 2 мыӊ гектар аумақта апорт алма бақтары өнім беруде. Бұл бағытта тиісті көмек жүргізілуде, яғни бақтарды түлетуге 353 млн теӊге субсидия бөлінді.

"Алдағы жылы Панфилов және Ұйғыр аудандарында бау-бақша шаруашылығын дамыту бағытында жаӊа егістерді ұлғайту қарастырылып отыр", - деді ол.

Икімдіктіӊ мәліметінше, 2015 жылы "Агробизнес 2020" бағдарламасы аясында 24,8 млрд теӊге сомаға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.

10 айдыӊ ішінде ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 364,6 млрд теӊгені немесе республикалық көлемнен 16,2% құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ барлық егіс алқабы 926,2 мыӊ га құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны