04.05.2019, 22:47 14064

Қарағанды облысында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акциясы өткізілді

2019 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысының ішкі істер органдарына 72 азамат арызбен жүгінген, нәтижесінде олармен ерікті түрде 104 бірлік әр түрлі атыс қаруы, сонымен қатар 5806 дана ойық ұңғылы атыс қаруының оқтары тапсырылды.

Қарағанды. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың сәуір айының 10 мен 30 аралығында Қарағанды облысының аумағында азаматтардан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акциясы өткізілді.

Аталған акцияның шеңберінде 2019 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша Қарағанды облысының ішкі істер органдарына 72 азамат арызбен жүгінген, нәтижесінде олармен ерікті түрде 104 бірлік әр түрлі атыс қаруы, сонымен қатар 5806 дана ойық ұңғылы атыс қаруының оқтары тапсырылды.

Бүгінгі таңда, халықтан заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын сатып алуға республикалық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражат толық игерілді және борышкерлік қарызды болдырмау үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 20 наурыздағы, халықтан заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша нұсқауының талаптарын орындау мақсатында, аталған акция 30.04.2019 тоқтатылды.

Бұдан әрі, Ішкі істер органдарына заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдірген азаматтардан, оларды қабылдау сыйақы төлеусіз жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны