13.05.2020, 17:46 4542

Қарағандыда карантиндік іс-шараларға қатысқан әскери міндеттілер марапатталды

Қарағанды. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Алғыс хаттар карантиндік іс-шараларға қатысуға шақырылған 95 әскери міндеттіге тапсырылды. Олардың арасында ресми жұмыссыздар да, карантин кезінде демалыста жүргендер де болды. Барлық әскерге шақырылушылар бір ай бойы қала аумағын санитарлық өңдеу үшін қосымша күш ретінде тартылған болатын.

Барлық әскерге шақырылушылар Қарағанды облысының әкімі, қала басшысы, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының және жұмылдыру дайындығы басқармасының атынан алғыс хат алды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев барлық карантиндік іс-шараларға қатысушыларға жұмысы үшін алғысын білдіріп, оларға денсаулық тіледі.

Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарлауынша, барлық әскерге шақырылушылар тұрғылықты жері бойынша қызмет еткен, яғни басқа өңірлерге жіберілмеген. Кешке, еңбек күнінен кейін, барлығын үйлеріне жібіп отырды.

- Олардың орташа жасы - 25-35 жас. Олардың арасында уақытша жұмыссыз қалғандар, ШОБ саласының өкілдері болды. Сондай-ақ, медициналық білімі бар 17 адам шақыртылған. Арнайы әскерге шақырылушыларға әскери қызметшілер үшін көзделген барлық жеңілдіктер қарастырылды. Жұмыссыздарға мемлекеттен 42 500 теңгеден ақша төленді, ал жұмыс істеп жүргендер бұрынғыдай мөлшерде жалақыларын алды, - деді Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Жомарт Жылқыбаев.

Оның айтуынша, әскерге шақырылушылар Қарағанды мен Теміртау қалаларында 9 миллион шаршы метр аумақты залалсыздандыру құралдарымен өңдеген.

- Әскери міндеттілерді үш мезгіл тамақпен, киім-кешекпен, жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы костюмдермен қамтамасыз етіп, жұмыс күні аяқталған соң үйлеріне тасымалдаған. Барлық жұмыстар аяқталған соң ПТР-тест талдауы жүргізілді, - деп атап өтті Жомарт Жылқыбаев.

Қарағанды облысында карантиннің жеңілдетілуіне қарамастан, қоғамдық орындарды дезинфекциялау жалғасады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар кондоминиумдармен бірге балалар мен спорттық аулалық алаңдарда лифтілерді, кіреберістердегі есік тұтқаларын және жабдықтарды өңдеуге қамқорлық жасауы тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны