23.06.2008, 16:41 1568

Арал өңірінде әлеуметтік көмекке 2 млрд жуық теңге бөлінді

Арал өңірінде әлеуметтік көмекке 2 млрд жуық теңге бөлінді

Қызылорда. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Арал өңірінде әлеуметтік көмекке 2 млрд жуық теңге бөлінді, биылғы бюджет былтырғымен салыстырғанда 46% артық. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қызылорда облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Ирина Ким хабарлады.

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 236 млн 700 мың теңге бөлінді. Өңірдің 13 552 тұрғынына қпзірдің өзінде 60 млн теңге бөлінді", - деді И. Ким.

Оның айтуынша, "тұрғын үй көмегіне 689,1 млн теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 504 млн теңге бөлу қарастырылған. Осы бап бойынша жыл басынан бері 14 544 отбасына 150 млн астам теңге бөлінді".

"Алғаш рет тұрғын үй көмегі ауыл тұрғындарына да көрсетіле бастады", -деді басқарма бастығы.

И. Кимнің ақпаратына сәйкес, "кедей отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақысына 968,9 млн теңге қарастырылып, оның 238,2 млн теңгесі 65 132 балаға бөлінді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны