06.05.2008, 17:48 2979

Арал өңірінде Қазақстандағы ең көне облыстық радио қайтадан хабар тарата бастайды

Арал өңірінде Қазақстандағы ең көне облыстық радио қайтадан хабар тарата бастайды

Қызылорда. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Арал өңірінде Қазақстандағы ең көне облыстық радио қайтадан хабар тарата бастайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық телерадиокомпанияның төрағасы Жағыпар Қарабалаға сілтеме жасап.

"Ол алғаш рет 1928 жылдың қараша айында эфирге шыққан. Осыдан 4 жыл бұрын ақша тапшылығына байланысты облыстық радиохабарларын тарату тоқтатылған еді. Қазір жағдай жақсара бастады. "Қазақстан телевидениесі мен радиосы" Республикалық корпорациясы хабар таратуды қайта жандандыруға 15 млн астам теңге бөлді. Құрал-жабдықты жаңалауға да ақша табылды", - деді Ж. Қарабала.

Оның айтуынша, "бағымызға сай аса бай фонотеканы сақтап қалуға мүмкіндік туды". "Көне Сыр өңіріндегі ұлы жыраулар мен күйшілердің саз жазбаларымен қатар, алғашқы ғарышкерлердің үндерінің бірегей жазбалары бар, одан Мұстафа Шоқайдың, Нартай Бекежановтың, Ыбырай Жақаев секілді танымал жерлестеріміздің дауысын естуге болады", - деді Ж. Қарабала.

Кезінде барлық мұрағат жазбалары аудиокассетаға көшірілсе, енді оларды сандық жүйеге көшіру жұмысы күтіп тұр. Жылдың екінші жартысында сөйтіп Қызылорданың үні қайта шығады.

Облыстық радионың хабар тарату уақытын тәулігіне 18 сағатқа жеткізу межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны