16.05.2017, 17:43 4416

Аралдыӊ тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтеді

Форумныӊ мақсаты - Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелейтін жобаларды нақтылап, өӊірдіӊ экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Мамырдыӊ 30-31 күндері Аралдыӊ тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімініӊ орынбасары Серік Қожаниязов пен Аралды құтқару Халықаралық қорыныӊ Қазақстандағы атқарушы директоры Болат Қабыкенұлыныӊ қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Форумға Орталық Азияныӊ 5 мемлекеті мен басқа да халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Форумныӊ мақсаты - Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтыӊ ?леуметтік-экономикалық дамуын жүйелейтін жобаларды нақтылап, өӊірдіӊ экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.

Форумныӊ бірінші күні баяндамалар тыӊдалса, екінші күні делегаттар Аралды тікұшақпен бағдарлап, теӊіздіӊ тынысымен танысады.

Басқосу аясында бірнеше жобалардыӊ таныстырылымы өтеді. Атап айтқанда, Қамбаш көлінде ғылыми-туристік орталық ашу, Аралдыӊ шығыс бөлігіндегі теӊіз ұлтанына жасыл белдеу жасау ж?не киік популяциясын көбейтуге арналған питомникті іске қосу жобалары көпшілік назарына ұсынылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны