02.09.2007, 15:07 3354

Ардагерлер Алматы әкіміне соғыста құрбан болғандардың ескерткішін ойрандауды тоқтату туралы өтініш жасады

Алматылық ардагерлердің үйлестіру кеңесі (Ауғанстан ардагерлерінің одағы, Чернобыль ардагерлерінің одағы және жергілікті соғыстардың ардагерлері) Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке соғыста құрбан болғандардың ескерткіштері мен бейіттерін ойрандауды тоқтату туралы өтініш жасады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АЛМАТЫ. Алматылық ардагерлердің үйлестіру кеңесі (Ауғанстан ардагерлерінің одағы, Чернобыль ардагерлерінің одағы және жергілікті соғыстардың ардагерлері) Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке соғыста құрбан болғандардың ескерткіштері мен бейіттерін ойрандауды тоқтату туралы өтініш жасады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ауғанстан ардагерлері одағының төрағасы Шәріп Өтегенов мәлім етті.

"Алматылық ардагерлердің үйлестіру кеңесі атқарушы билік органдарын және құқық қорғау органдарын бейіттерді бақылауды күшейтуге және жауынгер - боздақтардың бейіттерін ойрандау мен ескерткіштерді ұрлауға бағытталған кез-келген әрекеттерге толыққанды тосқауыл қоюға шақырды",- деп айтылған ардагерлердің үндеуінде.

Сонымен қатар, Чернобыль және жергілікті соғыстардың ардагерлері одағының президенті Рахым-қажы Ибдікәрімов ойрандау оқиғаларының "бүкіл республика бойынша кең етек алып бара жатқандығын" атап өтті.

Ш. Өтегенов өз кезегінде, құқық қорғау органдарының мұндай қылмыстарды ашуы туралы сұрақтарына жауап бере отырып, "егер жәбірленушілер тарапынан бастама болмаса, онда бейіттерді ойрандау жөніндегі істер жабылып қала береді" деп атап көрсетті. "Біздің жолдаған үндеуіміз әкімшілік және басқа да билік органдарының назарына алынып, түсіністік табады деп сенеміз",- деп қорытындылады Ш. Өтегенов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны