04.05.2017, 15:58 6430

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында қызылордалық жасотандықтар қарт майдангерге көмек көрсетті

Биыл Ыдырыс Қалиев ақсақал 92 жасты алқымдаса да қимылы ширақ. Жастармен сұхбаттасу барысында ардагер жастарға жақсы білім алып, еӊбектену қажет екендігін баса айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақты бүгінгі бейбітшілік пен тоқшылықты қадірлей білуге шақырып, елімізге тыныштық, егемендігіміздіӊ мәӊгі болуын тіледі.

Қызылорда. 4 мамыр. Kazakhstan Today - "Жас Отан" Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалыныӊ белсенділері "Ұрпақтар сабақтастығы" акциясы аясында Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Ыдырыс Қалиевпен кездесіп, қарт майдангерге көмек көрсетті,- деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

- "Нұр Отан" партиясы ардегерлерді ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Партияныӊ "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында жасотандықтар мен еріктілерден құралған түрлі топтар бүгінгі күнге дейін барлық ардагерлермен кездесіп, қолдан келгенше түрлі қамқорлықтар жасап келеміз,- деді "Жас Отан" ЖҚ Қызылорда қалалық бөлімшесініӊ басшысы Талғат Тілес.

Биыл Ыдырыс Қалиев ақсақал 92 жасты алқымдаса да қимылы ширақ. Жастармен сұхбаттасу барысында ардагер жастарға жақсы білім алып, еӊбектену қажет екендігін баса айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақты бүгінгі бейбітшілік пен тоқшылықты қадірлей білуге шақырып, елімізге тыныштық, егемендігіміздіӊ мәӊгі болуын тіледі.

Ұлы Отан соғыс ардагері Ыдырыс Қалиев отты жылдардан соӊ елге келіп, өӊіріміздіӊ дамуына елеулі үлес қосқан азамат. Майдандағы ерлігі мен қажырлы еӊбегініӊ арасында Қызылорда қаласыныӊ құрметті азаматы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеӊесіне 2 мәрте депутаты. Еӊбегіне сай "Отан соғысы", 2 рет "Еӊбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі" ордендері және түрлі медальдармен марапатталған.

Өз кезегінде "Жас Отан" ЖҚ мүшелері майдангерге ел үшін, келешек жастар үшін жасаған еӊбектеріне үлкен алғыс білдірді. Керемет әӊгімеден соӊ жасотандықтар ардегер тұрып жатқан үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қарияныӊ ақ батасын алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны