03.05.2016, 18:01 4190

Армия ойындарына қатысу үшін әскери-медициналық эстафета аяқталды

Құрлық әскерлерініӊ Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында Құрлық әскерлері арасындағы "Искери-медициналық эстафета" байқауында өӊірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері медициналық қызметтерініӊ әскери қызметшілерін іріктеу аяқталды. Байқау шеӊберінде әскери медиктер әскерлердіӊ жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданатын өздерініӊ дағдылары мен шеберліктерін көрсетті

Астана. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Құрлық әскерлерініӊ Гвардейск гарнизоны оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында Құрлық әскерлері арасындағы "Искери-медициналық эстафета" байқауында өӊірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері медициналық қызметтерініӊ әскери қызметшілерін іріктеу аяқталды. Байқау шеӊберінде әскери медиктер әскерлердіӊ жауынгерлік даярлығын медициналық қамтамасыз етуде қолданатын өздерініӊ дағдылары мен шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқау екі кезеӊде өтті. Атап айтқанда, "Жеке шеберлік" пен "Командалық біріншілік". Бірінші кезеӊде әскери қызметшілер әскери-спорттық кедергілерден өтті, штаттық қарудан оқ атты, медициналық қызметтіӊ жеке құрамына арналған арнайы даярлық бойынша нормативтерді орындады. Екінші кезеӊ оқу-тактикалық алаӊныӊ жабдықталған қашықтығында және танкодромныӊ дайындалған бағдарында өткізілді. Онда механик-жүргізушілер жердіӊ күрделі жағдайларында өздерініӊ жүргізу шеберліктерін паш етті. Искери ақ желеӊділер ұрыс алаӊынан шартты жараланғандарды алып шығу, зақымдалған ұрыс техникасынан жаралыларды шығару жөнінде кәсіби тұрғыдағы машықтарын көрсетті және алғашқы медика-санитарлық көмек көрсетті. Екінші кезеӊде ұрыс жағдайларында жүргізу бойынша кәсіби қабілеттілігі болуы тиіс механик-жүргізушініӊ шеберлігі негізгі рөлге ие, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Медициналық қызметтердіӊ әскери қызметшілері мұндай сайыстан алғаш рет өтіп жатқандарын айта кетейік. Қорытындысы бойынша жалпы командалық біріншілікте Аэроұтқыр әскерлерініӊ командасы бірінші орынды, "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы екінші орынды иеленді. "Жеке біріншілік" аталымында ерлер арасында 11971 әскери бөлімініӊ санитарлық нұсқаушысы аға сержант Ержан Елубаев, әйелдер арасында 61993 әскери бөлімі медициналық ротасыныӊ мейірбикесі аға сержант Эльнара Бүтімбаева үздік атанды.

12 үздік әскери медик енді 2016 жылғы Армия халықаралық ойындарына қатысуға дайындалады. Жаттықтыру қорытындысы бойынша 6 әскери медик Ресей Федерациясында өтетін Армия ойындары-2016 халықаралық кезеӊіне қатысуды жалғастырады.

Мұндай жарыстардыӊ мақсаты халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайту, әскери қызмет пен медициналық мамандардыӊ әскери-кәсіби қызметініӊ беделін арттыру болып табылатынын естеріӊізге сала кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны