17.01.2013, 13:31 3272

"АрселорМиттал Теміртау" 3 мыңға жуық жұмысшыны қысқартпақ

2013 жылы "АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинатында жұмысшылардың сандық жоспарын үш мың адамға дейін қысқарту шешімі қабылданды, деп жазды "Известия Казахстан" газеті.

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - "АрселорМиттал Теміртау" 3 мыңға жуық жұмысшыны қысқартпақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылы "АрселорМиттал Теміртау" металлургия комбинатында жұмысшылардың сандық жоспарын үш мың адамға дейін қысқарту шешімі қабылданды, деп жазды "Известия Казахстан" газеті.

Жұмыс беруші өзінің бұл шешімін дайын өнімнің жөнелтілуінің төмендеуімен түсіндіруде.

12 948 адам көлемінде болат департаментінің 2013 жылғы сандық жоспарын бекіту туралы №592-ші бұйрық шығып үлгерді. Компания мәліметтері бойынша, 2012 жылдың соңында жұмысшылардың саны 15 827 адамды құрады, деп жазады басылым.

Компанияның баспасөз қызметінде жұмысшыларды қысқарту компанияның аясы тар мақсаты емес - оларға жұмысшылардың оңтайлы саны керек екендігін мәлім етті. Олар өндірістің көлемімен, қуаттылықтың деңгейімен, өндірістің технологиялық деңгейімен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талабымен анықталады. Қызметкерлердің санын қысқарту 2013 жылы дайын өнімді жөнелту бойынша жоспарлы көрсеткіштің 2,7 млн. тоннаға дейін төмендеуімен (2012 жылы 3,4 млн. тоннаға дейін) байланысты. Бұл жағымсыз нарықтық конъюктурамен байланысты, делінген материалда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны