17.07.2012, 14:34 2779

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жалақыны көтеру туралы келісім шартқа қол қойды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның кәсіподақ ұйымдары мен әкімшілігі арасында 2011 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты еңбек дауы толығымен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жалақыны көтеру туралы келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның кәсіподақ ұйымдары мен әкімшілігі арасында 2011 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты еңбек дауы толығымен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2012 жылдың 17 шілдесінде үшжақты келісім нәтижесінде Қарағанды облысы әкімдігі мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басқармасы және "Жақтау" металлургтер кәсіодақтары арасында болат және көмір департаментінің қызметкерлеріне жалақыны көтеру жөнінде шешімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес, компания 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтік мөлшер мен жалақыны 10,4 пайызға (2011 жылдың 7,4 пайыз көрсеткіш инфляция деңгейін қоса алғанда) көтереді. 2012 жылдың қаңтар-шілде айлары үшін жалақы төлемдері шілде айынан төленетін айлықпен бірге берілетін болады.

Қол қойылған келісімнің жалақысы төмен санаттағы жұмыскерлердің еңбекақысын арттыруға қатысты жеке ережесін ерекше атап өткен жөн.

Қызметкерлердің бұл санаты үшін 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап тұрақты қосымша жалақы түрі енгізіледі. Жалақы аталмыш компанияның шамамен 2 мың қызметкеріне көтерілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны