12.01.2015, 19:03 3998

Искери қызметші тұрғындарды өрттен құтқарып қалды

Өрт орнына жеткен өртке қарсы қызмет бригадасы әскери қызметшініӊ өрт жағдайында жедел, еӊ бастысы, дұрыс әрекет еткенін атап өтіп, тұрғындарды құтқарғаны және батылдық танытқаны үшін алғыс білдірді.

Тараз. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today Тараз қаласы Рысбек батыр көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары үшін 85395 әскери бөлімініӊ әскери қызметшісі Алмасбек Иманғазиев - нағыз батыр. Азаматтар тарапынан бұл құрметті атаққа ол ірі өрт ортасында қалған адамдарды құтқарғаны үшін ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біздіӊ үйдіӊ пәтерлерініӊ бірінен өрт шыққанда тұрғындардыӊ көпшілігі жұмыста еді. Үйдіӊ жанынан өтіп бара жатқан әскери қызметші өрт шыққанын көріп пәтерлерінде қалып қойған тұрғындарға көмекке келді", - дейді осы үйдіӊ тұрғыны Ақерке Тұрсынбекова.

Алмасбек Иманғазиев біртіндеп отқа орана бастаған үйге қаймықпай кіріп, тұрғындардыӊ пәтерлерінен шығуына жәрдемдесті, бір жүкті әйелді, сондай-ақ пәтерлердіӊ бірінде құлыптаулы қалған балаларды оттан құтқарды.

Өрт орнына жеткен өртке қарсы қызмет бригадасы әскери қызметшініӊ өрт жағдайында жедел, еӊ бастысы, дұрыс әрекет еткенін атап өтіп, тұрғындарды құтқарғаны және батылдық танытқаны үшін алғыс білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны