18.11.2015, 19:14 3767

Искери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсетудіӊ жаӊа жүйесі сынамадан өтті

ҚР Қарулы Күштеріндегі күзгі шақыру аяқталғаннан кейін келесі маӊызды кезеӊ басталды. Искерлерде жас толымныӊ әскери қызмет жағдайына бейімделуі бойынша іс-шарадар өткізілуде

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштеріндегі күзгі шақыру аяқталғаннан кейін келесі маӊызды кезеӊ басталды. Искерлерде жас толымныӊ әскери қызмет жағдайына бейімделуі бойынша іс-шарадар өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери бөлімдердіӊ психологтарымен күзгі шақырылым әскери қызметшілерініӊ жеке қасиеттерін, олардыӊ қажеттіліктерін, әскери қызметке және әскери ұжымға бейімделу барысын зерделеу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери қызметшілердіӊ жеке психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін тереӊ зерделеу жүргізілді. Ол үшін кешегі шақырылушылармен бейімделу мәселелерін айқындау үшін тестілеу өткізді, олардыӊ психологиялық портретін құрды.

"Биылғы оқу жылында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде алғаш рет "Жауынгерлік қаруластар" жүйесі сынамадан өтті. Мерзімді қызметтіӊ жас сарбаздары 2 адамнан жұп болып, бір-біріне демеу болады, ой бөліседі, өздерін бақылап жүреді. Бұл ретте адам оны мазалап жүрген мәселелер және сұрақтармен жападан жалғыз қалмайды. Бұл жүйеніӊ енгізілуінен жақсы нәтижелерді атап өтуімізге болады", - деді 58012 әскери бөлімініӊ аға офицері (психологі) лейтенант Гаухар Илібекова. "Армиядан не күтесіз?" атты сауалнама жүргізіп көрдік. Нәтижелері жаман емес, бөліміміздіӊ жас толымыныӊ 100%-ы қызмет өткеру жағдайына дән риза, әскери бөлімніӊ жеке құрамы олардыӊ көӊілдерінен шығып, армия олар ойлағаннан гөрі әлдекайда жақсы екеніне келісті.

Одан басқа, ҚР ҚК-ніӊ барлық әскери бөлімдерінде босаӊсуға арналған психологиялық тынығу бөлмелері бар. Онда ойын тренингтері, бөлім психологтарымен жеке әӊгімелесулер, психологиялық кеӊес беру өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны