02.07.2010, 17:28 3479

Астана әуежайы халықаралық және отандық қауіпсіздік стандарттарына сай авиациялық прокуратура

"Иуежай бүгінгі күнде халықаралық және отандық қауіпсіздік стандарттарына сай, ұшу, ұшыру және әртүрлі ұшақтарды қабылдауға қауіпсіз",- деп хабарлады прокуратурадан.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today Астана халықаралық әуежайы халықаралық және отандық қауіпсіздік стандарттарына сай. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Астана қаласының авиациялық прокурорының орынбасары Абай Еркебаланов хабарлады.

"Иуежай бүгінгі күнде халықаралық және отандық қауіпсіздік стандарттарына сай, ұшу, ұшыру және әртүрлі ұшақтарды қабылдауға қауіпсіз",- деп хабарлады прокуратурадан.

А. Еркебалановтың хабарлауынша, Астана прокуратурасының ресми сайтында Астаа әуежайындағы ұшу қауіпсіздінің ахуалы туралы теріс ақпарат қателікпен жарияланған.

"Бұл баяндама Орталық аймақтық көлік прокуратурасының веб-сайтына қате ақпарат түсудің салдары болып табылады. Бұл ақпаратты агенттігі Kazakhstan Today заңға қайшы келмей алып, таратқан болатын.

Сонымен қатара, мақалада жалған, сондай-ақ өткен жылғы мәліметтердің болуына байланысты авиациялық прокуратура ақпаратты БАҚ беттеріне одан әрі жарық көрмеуі үшін өшіріп тастауды сұрайды",- деп айтылған хабарламада.

Агенттіктің үстіміздегі жылдың 30-маусымында жария еткен Астана әуежайының ахуалы жайлы ақпарат өшірілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны