16.11.2015, 18:59 4095

Астана әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Онда жолаушылар терминалыныӊ кіреберісіне тексеру жабдықтары орнатылды. Барлық жолаушылар, әуежай қызметкерлері, сондай-ақ шығарып салушы және қарсы алушы тұлғалар қолмен тексеріледі. Осыған байланысты әуежай басшылығы барлық жолаушылардан халықаралық рейстерге алдынала 3 сағат бұрын, ал ішкі рейстерге 2 сағат бұрын келулеріне кеӊес береді.

Астана. 16 қараша. Kazakhstan Today - Астана халықаралық әуежайы қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Онда жолаушылар терминалыныӊ кіреберісіне тексеру жабдықтары орнатылды. Барлық жолаушылар, әуежай қызметкерлері, сондай-ақ шығарып салушы және қарсы алушы тұлғалар қолмен тексеріледі. Осыған байланысты әуежай басшылығы барлық жолаушылардан халықаралық рейстерге алдынала 3 сағат бұрын, ал ішкі рейстерге 2 сағат бұрын келулеріне кеӊес береді.

Сонымен қатаравиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарылғыш заттар, сығылғын және сұйытылған газдар, тез жанғыш заттар, қарудыӊ барлық түрлері, өткір әрі шанышқылы заттар багаж ретінде тасымалданбайды. Сонымен бірге қол жүгінде сұйықтықтар, аэрозоль, гель сияқты заттардыӊ мөлшері 100 мл-нан аспауы тиіс, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны