06.01.2015, 18:15 3784

Астана әуежайында ұшақта шылым шеккен азамат рейстен түсірілді

Ұсталған азаматқа ҚРИҚТт К-ніӊ 441 бабыныӊ 1 тармағына сәйкес, 3 айлық есептік көсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Халықаралық Астана әуежайында көлік полицейлері "Шереметьово- Астана" бағытындағы рейстен 23 жастағы Өзбекстан азаматын түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 2 қаӊтары күні таӊғы сағат 6 шамасында Астана қаласыныӊ әуежайындағы Желілік полиция бөліміне телефон арқылы "Шереметьево-Астана" бағытындағы әуе кемесініӊ бортында құқықбұзушыныӊ бар екендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

Тексеру барысында Өзбекстан Республикасыныӊ азаматыныӊ әуе кемесініӊ әжетханасында шылым шеккендігі анықталды. Бұдан соӊ ол бортсеріктіӊ актісі бойынша рейстен түсірілді.

Осы факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ұсталған азаматқа ҚРИҚТт К-ніӊ 441 бабыныӊ 1 тармағына сәйкес, 3 айлық есептік көсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Анықтама: 2014 жылы еліміздіӊ көлік полицейлері акт бойынша әртүрлі рейстен 26 адамды түсірген, олардыӊ 4-уі ҚРИҚБтК-ніӊ 443 бабына сәйкес "Ұшқыштардыӊ қауіпсіздік ережесін бұзған", 7-еуі 446-бабына сәйкес, яғни "Иуе кемесінде болу тәртібін бұзған", сондай-ақ 15 - і 459 -бап бойынша "Көлікте шылым шеккен".

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны