18.05.2018, 13:14 6857

Астана экономикалық форумы "GlobalChallengesSummit" аясында, "Азаматтық қоғамныӊ болашағы. Жаӊа азаматтық белсенділік" атты сессия өтеді

Астана форумыныӊ алаӊында алғаш рет азаматтық сектордыӊ қазіргі заманғы жаһандық беталысыныӊ негізгі аспектілері, ҮЕҰ аясындағы жаӊа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланатын болады.

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 18 мамырында 2018 Астана экономикалық форумы "GlobalChallengesSummit" аясында, "Азаматтық қоғамныӊ болашағы. Жаӊа азаматтық белсенділік" атты сессия өтеді.

Астана форумыныӊ алаӊында алғаш рет азаматтық сектордыӊ қазіргі заманғы жаһандық беталысыныӊ негізгі аспектілері, ҮЕҰ аясындағы жаӊа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер талқыланатын болады.

Сессия жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ басшылары, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар, саясаттанушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сонымен қатар өзініӊ азаматтық ұстанымымен әлемдік және мемлекеттік кеӊістікте саясатты өзгерткен елдердіӊ көшбасшылары қатысады.

Қатысушыларға "Ағымдағы жағдайға шолу және Қазақстанныӊ заманауи азаматтық қоғамын дамыту болашағы" бюллетені ұсынылады. Сондай-ақ, сессия барысында интерактивті көрме өтеді, онда ҮЕҰ іске асырылған инновациялық жобаларды және азаматтық белсенділік аясындағы үздік тәжірибелерді ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

Сессия Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ бастамасымен өткізеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны