19.06.2015, 18:59 3903

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясыныӊ тағы бір лауазымды қызметкері ұсталды

"Астана ЭКСПО-2017" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев ұсталды. Бұл туралы "Хабар" арнасыныӊ сайты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев ұсталды. Бұл туралы "Хабар" арнасыныӊ сайты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

С. Баркинхоев үш күн бұрын қызметінен кеткен екен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тексеру барысында, кеше аталған ұлттық компанияныӊ басқарушы директоры С.Баркинхоев ұсталды. Оған бұған дейін ұсталған компанияныӊ басшы тұлғаларымен бірге сөз байласып, 214 миллион теӊге бюджет қаражатын жалған кәсіпкерлік арқылы қолма қол ақшаға айналдырып иелену және ысырап ету туралы күдік келтірілген", - делінген агенттік хабарламасында.

Айта кетерлігі, аталған қылмыстық іс бойынша "Астана ЭКСПО-2017" компаниясыныӊ бес тұлғасы жауапкершілікке тартылуда, соныӊ ішінде мердігер ұйымныӊ басшысы да бар.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамыныӊ басқарма төрағасы қызметінен босатылған. Кейіннен, Астананыӊ Алматы аудандық №2 сотыныӊ шешімімен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев 2 айға үйқамаққа алынған болатын. Оған ҚР ҚК 4-бөлімі, 176-бабыныӊ "б" тармағы бойынша - "Сеніп тапсырылған бөтенніӊ мүлкін аса ірі көлемде иелену немесе талан-таражға салған" деген күдік келтіріліп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны