17.08.2017, 16:56 4457

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне 69 мыӊнан астам Қызылорда облысы тұрғыны қатысты

Бүгінгі күнге облыс бойынша Көрмеге 9 000 оқушы қатысты. 3 189 оқушы мен 250 ардагердіӊ тамақтану, орналасу және Көрмеге қатысуы бойынша шығындары бюджеттік қаражат есебінен қарастырылды.

Қызылорда. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні Қызылорда облысы тұрғындары "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне 54 289 билет сатып алып, 69 мыӊнан астам өӊір тұрғындары қатысты. Қазіргі уақытта сатылымға билеттердіӊ жаӊа түрлері енгізілді:Мерзімі нақтыланған күнгі билет құны жұмыс және демалыс күндері - 4 000 тг., мерзімі нақтыланбаған жұмыс және демалыс күндері билет құны - 6 000 тг. Сонымен қатар, ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінен бастап жеӊілдік билеттері іске қосылды: "Кешкі" билет (сағ.18:30 ден бастап) - ересектерге - 2 000 тг., балаларға (6 жастан жоғары) - 1 000 тг.

Бұдан бөлек, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге билет құны жұмыс күндері - 2 000 тг., ал демалыс күндері кіру тегін.

Бүгінгі күнге облыс бойынша Көрмеге 9 000 оқушы қатысты. 3 189 оқушы мен 250 ардагердіӊ тамақтану, орналасу және Көрмеге қатысуы бойынша шығындары бюджеттік қаражат есебінен қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны