26.10.2016, 12:51 3583

Астана қаласында бала асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өтеді

2016 жылдыӊ 29-қазанында Астана қаласында "Асырап алушы отбасы ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты ретінде" екінші жыл сайынғы асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өтеді.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 29-қазанында Астана қаласында "Асырап алушы отбасы ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты ретінде" екінші жыл сайынғы асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өтеді.

Бірегей сұхбат алаӊы тағы да әлеуметтік жетімшілік саласындағы сарапшыларды, халықаралық сарапшыларды және мүдделі асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлерді біріктіріп, келесідегідей көкейтесті мәселелерді талқылауға жинайды: әр бала сүюші отбасында тәрбие алып, өсуі үшін және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға тиімді көмек беру үшін не істеу қажет.

Форум миссиясы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жетімшілік пен асырап алушы ата-аналар институтын дамыту сұрақтарын шешу үшін мемлекет пен қоғамныӊ жігерін біріктіру болып табылады.

Форум "Бала жанұяда өмір сүруі тиіс" Қоғамдық қозғалысы, "ДАРА" Қайырымдылық Қоры, Астана қаласыныӊ Білім басқармасы, Қазақстанныӊ асырып алуышы ата-аналарыныӊ Қазақстандық Бірлестігі және ҚР Білім және Ғылым Министрлігініӊ балалар құқығын қорғау Комитетімен бірлесе ұйымдастырылады. Форумныӊ басты серіктесі - "Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры.

Бұл жылы Форум қатысушылары Қазақстандағы әлеуметтік жетімшілік мәселесі қалай шешілуде, асырап алушы отбасыларыныӊ түрі мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру өзектілігі, асырап алушы ата-аналарды оқытып, оларға қолдау көрсету секілді мәселелердi талқылайды. Тәлімгерлік институты, балалар үйініӊ тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру, интернат типті мекемелердіӊ түлектеріне қолдау көрсету құралдары мәселелеріне бөлек сессия арналады. Сонымен қатар, қатысушылар алдыға қойған мәселелердіӊ алға басуын бақылау мақсатымен былтырғы Форумныӊ резолюциясын қарастырады.

Форум дәстүрлі түрде тек қана бірегей сұхбат алаӊы ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибемен алмасу мен асырап алушы ата-аналар, тәлімгерлер мен әлеуметтік қызметкерлерді үйрететін платформа болғандықтан, Форум шеӊберінде психологтар мен асырап алу саласындағы сарапшылардыӊ практикалық мастер-класстары ұйымдастырылады.

Шақырылған халықаралық сарапшылар қатарында балалар үйі тәрбиеленушілерініӊ әлеуметтендірілуі мен сәтті өткен Тәлімгерлік жобаларыныӊ өкілдері бар: Ресейдегі "Старшие братья старшие сестры" жобасынан Александра Телицина және "Хранители детства" (KidSave) жобасынан Анна Кочинева, сонымен қатар Украинадағы "Одна Надежда" жобасынан Виктория Андросова. Форум жұмысына сонымен қатар асырап алушы ата-аналар, психологтар мен Қазақстандағы әлеуметтік жетімшілік саласыныӊ сарапшылары қатысады.

Форум қорытындысы бойынша мүдделі серіктестер мен тараптарға тапсырылатын резолюция кабылданады.

Форум 2016 жылы 29 қазан (сағат 09:30-дан 16:30 дейін) Оқушылар сарайында өтеді (мекен-жайы: Астана қаласы, Б.Момышулы 5). Байланыс ақпараты үшін және БАҚ өкілдерін аккредитациялау үшін электронды поштаға [email protected] және келесі телефон: +7 (7172) 441074 арқылы байланысуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны