18.03.2018, 18:26 3941

Астана қаласында мүгедектігі бар тұлғалардыӊ сайлау құқықтарын ілгерілетуге арналған дөӊгелек үстел мен семинар өтті

Шара Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ОСК 65 мүшесі, Парламент, мемлекеттік органдар, облыстық әкімдіктер және сайлау комиссиялары, мүгедектігі бар тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардыӊ өкілдеріне ұйымдастырылды

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 15 наурызында Астана қаласында мүгедектігі бар тұлғалардыӊ сайлау құқықтарын ілгерілетуге арналған дөӊгелек үстел мен семинар өтті. Шара Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ОСК 65 мүшесі, Парламент, мемлекеттік органдар, облыстық әкімдіктер және сайлау комиссиялары, мүгедектігі бар тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардыӊ өкілдеріне ұйымдастырылды.

Шара аясында мүгедектігі бар тұлғалардыӊ сайлау құқықтарымен және 2015 жылы Қазақстанмен ратификацияланған мүгедектігі бар тұлғалар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес осындай құқықтарды қамтамасыз ету жөніндегі сайлау комиссиясыныӊ жұмысымен жүргізілетін ағымды жағдайға шолу өткізілді. ЕҚЫҰ сарапшысы Павел Кабаченко мүгедектігі бар тұлғалардыӊ саясатқа қатысуына және ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерде оларды тәжірибелік қолданысына арналған халықаралық стандарттар мен қағидалар туралы баяндады. Мүгедектігі бар тұлғалар бірлестігініӊ өкілдері өздерініӊ сайлау құқықтарын жүзеге асыру барысында осындай тұлғалар соқтығысатын қиындықтармен және проблемалармен және оларды шешудіӊ ықтималды шешу жолдарын талқылады.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Берик Имашев, Орталық сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы шарттар жасау мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылатын болады деп айтты.

"Қазіргі уақытта халықаралық қауымдастық алдында мүгедектігі бар тұлғалар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында айтылған қағидалар тәжірибесінде жүзеге асыру бойынша, атап айтқанда, олардыӊ сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша үлкен міндет тұр", - деп Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисініӊ басшысы Елші Дьердь Сабо айтып өтті - "Осы санаттағы тұлғалар үшін дауыс беретін жайлар мен материалдар қолжетімді әрі ыӊғайлы болып қана қоймай, сонымен қатар, активті де, пассивті де сайлау құқығын жүзеге асыруға арналған процедуралар тәжірибелік қолданыста қарапайым және мүгедектігі бар адамдардыӊ қажеттіліктеріне сәйкес келетіндей қамтамасыз ету өте маӊызды".

Дөӊгелек үстелден кейін мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін дауыс беру құқығын қамтамасыз етумен байланысты сайлау кезеӊініӊ әр түрлі кезеӊдеріндегі проблемалар мен ықтималды шешімдерге арналған ҮЕҰ 40 өкіліне, облыстық әкімшіліктерге және сайлау комиссияларына арналған оқу семинары өткізілді.

Шара сайлау процестерініӊ ашықтығы мен есептілігін арттыру және ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелеріне сәйкес демократиялық институттарды нығайту бойынша Офистіӊ ұзақ мерзімді жұмыстары аясында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны