24.10.2007, 18:59 3096

Астана қаласының оңтүстігіндегі айналма жолда көлік жүре бастады

Астана қаласының оңтүстігіндегі айналма жолда көлік жүре бастады.

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астананың оңтүстігіндегі айналма жолмен көлік жүрісін ашу салтанаты өтті, деп хабарлайды агенттік ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, айналма жолдың құрылысы 2006 жылдың тамызында басталды.

Жоспарға сәйкес, Астана қаласының айналма жолының жалпы ұзақтығы 89 км болмақ. Қазіргі таңда, ұзындығы 36 шақырымды құрайтын жолдың Шығыс, Солтүстік және Солтүстік-Батыс бөліктері салынып, пайдалануға берілген. Ал, оңтүстіктегі айналма жол Қарағанды бағытын Астана қаласының әуежайына кіреберіс жолмен байланыстырады.

Оңтүстік айналма жолдың ұзақтығы - 16,7 шақырым, оның өн бойында төрт көпір салынды. Жобаның жалпы құны - 3,8 млрд. теңге. Жобаның жүзеге асырылуы үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде 2006 жылы 498 млн. теңге бөлініп, инженерлік коммуникацияларды тасу және көпірлерді салу жұмыстарының 50 пайызы орындалды, жер төсемінің 30 пайызы қазылды.

Биылғы жылы, яғни құрылыстың екінші кезеңінде, қаржыландыру көлемі 2,5 млрд. теңгені құрады. Көпірлерді және жер төсемін салу жұмыстары аяқталды,

Ал, үшінші кезеңде, 2008 жылы 734 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу көзделіп отыр. Осы қаражат арқылы 2008 жылдың 1-шілдесіне дейін жамылғыны салу, жол жағасын қатайту, жарықпен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Бұл автомобиль жолы толықтай 2008 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны