12.03.2012, 11:51 3430

Астана кітапханаларында тыйым салынған діни әдебиеттердің бар-жоғы тексерілуде

Бұл туралы ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Астана кітапханаларында тыйым салынған діни әдебиеттердің бар-жоғы тексерілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Дін істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Астана қаласының Дін істері департаменті биылғы жылдың 14 ақпанынан бастап Астана қаласының Білім басқармасы, Мәдениет басқармасы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ішкі саясат басқармасы, Ішкі істер департаменті қызметкерлерін және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық бөлімшесі, Орыс Православие шіркеуі өкілдерін қамтыған жұмыс тобын құрып, қаланың кітапханалық қорларындағы діни әдебиеттерді зерделеу жұмыстарын жүргізуде", - деп атап көрсетілген таратылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің сөзіне қарағанда, іс-шараның негізгі мақсаты - кітап ордаларында сот шешімімен Қазақстан Республикасында таратылуына тыйым салынған баспалардың, сонымен қатар оқырмандарға кері әсер ететін деструктивті бағыттағы діни әдебиеттердің немесе діни араздықты қоздыруға бағытталған баспалардың таратылмауын, мұндай әдебиеттердің кітапхана сөрелерінде болмауын қамтамасыз ету.

Зерделеу жұмыстары барысында кітапхана қызметкерлері мен кітап дүкендері иелеріне ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР Заңының талаптары түсіндіріліп, діни әдебиеттердің дінтану сараптамасынан өткізілу тәртібі мен маңыздылығы жеткізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны