03.07.2009, 14:55 3108

Астана күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады

Астана күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады

Астана. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астана күнін мерекелеуге байланысты қазақстандықтар үш күн демалады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Өздеріңізге мәлім, былтыр Қазақстан парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады.

Заң бойынша "6-шілде - Астана күні" деген жаңа мемлекеттік мереке қосылды.

Ал "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, ұлттық және мемлекеттік мерекелер тойланатын күндер - жұмыс күндері болып табылмайды. Демек, қазақстандықтар Астана күнін тойлауға байланысты 4,5, және 6 шілдеде демалады.

6 шілдеде тек Астана күні ғана емес, сонымен бірге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні тойланады. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысының Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны