17.06.2014, 20:03 3472

Астана күніне орай қазақ күресі бойынша турнир өтеді

Қазақстан астанасының 16 жасын атап өту аясында қазақ күресі бойынша "Қазақстан Барысы" турнирі өтеді. Онда спортшылар Ұлт көшбасшысы - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың сыйлығына таласатын болады.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан астанасының 16 жасын атап өту аясында қазақ күресі бойынша "Қазақстан Барысы" турнирі өтеді. Онда спортшылар Ұлт көшбасшысы - ҚР Президенті Н. Назарбаевтың сыйлығына таласатын болады.

Дүбірлі дода осымен төртінші жыл қатарынан қала күнін атап өту қарсаңында өткізіледі. "Қазақстан Барысы" титулын иелену ол маңызды, әрі беделді. Биыл жоба 100 мыңнан астам көрерменді және қосымша 9 мыңнан жоғары онлайн көрерменді және 6 милионнан астам жанкүйердің басын қосады. Байрақты бәсеке - ұлттық салт дәстүріміздің айнасы, қазақ халқының өзіндік ерекшелігі және Қазақстанның ұлттық мәдениетінен сыр шертеді, деп Қала күніне орай өткізілетін мерекелік шаралардың штаб-пәтері хабарлады.

Сайыпқырандар сайысы тартысты өтеді деп күтілуде. Боз кілемде чемпиондық титулға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 33 палуан таласатын болады.

Жарыстың шешуші кезеңі 2014 жылдың 29 маусымында өтеді. Жауырыны жер иіскемеген қазақ күресі батырларының бәсекесі ұлттық және шетелдік арналарда тікелей эфирден көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны