16.06.2014, 19:17 3352

Астана күніне орай классикалық музыка кеші өтеді

Қала күнін мерекелеу аясында 2014 жылы 5-7 шілде аралығы Есіл өзені жағалауында дәстүрлі "Өзен әуендері" классикалық музыка кеші өтеді.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қала күнін мерекелеу аясында 2014 жылы 5-7 шілде аралығы Есіл өзені жағалауында дәстүрлі "Өзен әуендері" классикалық музыка кеші өтеді.

Ашық аспан аясындағы "Өзен әуендері" классикалық музыка кештері осымен жетінші жыл қатарынан Астана күні мерекесінің ажырамас бөлігіне айналды. Бір жағынан аталмыш фестиваль айтулы мерекелік шара болғанымен, екіншіден тек музыканттар ғана емес астананың мыңдаған қарапайым тұрғындары мен қонақтары асыға күтетін айырықша оқиға ретінде қалыптасты. Музыканың академиялық жанры адамдарға қолжетімді болғандықтан аталмыш мерекелік кештердің қанатын кеңге жайылды, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны