16.06.2014, 19:16 2037

Астана күніне орай "Шуақты қала" отбасылық фестивалі өтеді

Қала күнін мерекелеу аясында 2014 жылы 5-7 шілде күндері "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда "Шуақты қала" қалалық отбасылық фестивалі өтеді.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қала күнін мерекелеу аясында 2014 жылы 5-7 шілде күндері "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда "Шуақты қала" қалалық отбасылық фестивалі өтеді.

"Шуақты қала" фестивалінің негізгі міндеті - отбасылық демалысты жандандыру, тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қалыптастыру, өз әсеріңмен бөлісу және жақын адамдарға уақыт бөлу. Отбасылық фестиваль ашық аспан аясында өтеді, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

"Шуақты қала" - биылғы жылғы Астана күнін мерекелеу аясындағы ең танымал шара атануына барлық мүмкіншілігі бар заманауи әрі қызықты фестиваль.

Фестиваль міндеті - салауатты өмір салтын дәріптеу, тұрғындар арасында фестивальдік мәдени орта қалыптастыру.

Сонымен бірге, ұйымдастырушылардың түпкі мақсаты - "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңның Астанадағы ең маңызды әрі мәдени орын ретінде берік қалыптасуына қол жеткізу.

"Шеберлер қаласы", "Мен Астанада тұрамын!" шаралары өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны