21.02.2011, 12:37 3764

Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды

Күннің қатты суытуына байланысты Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Күннің қатты суытуына байланысты Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "аяз салдарынан Астана қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды".

Қалалық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, таңертең - 29 градус аяз болды.

Астана қаласының білім беру басқармасы бекіткен параметрлерге сәйкес бастауыш сыныптар үшін сабақтар тиімді ауа температурасы (ауа температурасы мен жел) минус 25 градус және төмен болған жағдайда сабақтар тоқтатылдаы. 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін ауа температурасы минус 30 градус және төмен, жоғары сынып оқушылары және кәсіби лицейлер мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін - минус 35 градус және төмен жағдайда сабақтар тоқтайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны